Қоғам • 06 Ақпан, 2020

Жол бойына бейнебақылау камералары орнатылады

463 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биыл еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпылай алғанда, еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда.

Жол бойына бейнебақылау камералары орнатылады

Камералар ел жолдарын­дағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Тұтастай алғанда, мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі рес­публикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ.

Әзірлеушілердің айтуы­на қарағанда, есептеу қуат­­­тылығы мен арнайы бағ­дар­ламалық қамтама­сыз ету ақпараттың кең көле­­мін нақты уақыт режімін­де өң­­деуге мүмкіндік бе­ре­ді. Осы­­лайша, көлік қозғалы­сының жылдамдығы мен бағы­ты, жеке деректерді пай­даланусыз көлік құра­лының типі, сондай-ақ жол жиегімен қозғалып келе жат­қан және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген ав­токөліктер анықталатын болады. Бейнебақылау ка­ме­раларының басты мін­деттерінің бірі – белгі­лен­беген жерде тоқтау, кері ба­ғытта қозғалу, қозғалыстың қарсы жиегімен жүру, жыл­дамдықты асыру сияқты жол­да жүру ережелерін бұ­зудың фактілерін тіркеу. Бұдан бөлек, жүйе автоматты режімде жол трафигінің мөлшерін тіркеуге, каме­раның осіне қарамастан көлік құралының қозға­лы­сын анық­тауға мүм­кіндік береді.

Жолдарда төлем алу жүйесі инфрақұрылымның кең шоғырын ұсынбақ. Осы­лайша, оларға стационарлы бақылау пункті, автоматты идентификациялау құрал­дарының аппаратты-бағдарламалық кешені, мониторинг, деректерді өңдеу, пайдаланушылармен жұмыс орталықтары, сондай-ақ де­ректерді жіберуге арнал­ған байланыс каналдары жат­қызылатын болады. 

«QazAvtoJol» ұлттық ком­паниясы өткен жыл­дың желтоқсанында рес­пуб­ли­калық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы жүріп өту үшін ақы алу жүйесін ор­нату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық конкурстың қорытындысын жариялағанын еске салайық. Оның қорытындыларына сәйкес қазақстандық және тайваньдық консорциуммен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылған.