Саясат • 06 Ақпан, 2020

Күшейтілген режімде жалғастыруды тапсырды

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ел аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Күшейтілген режімде жалғастыруды тапсырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың берген мәлі­меті бойынша, бүгінгі таңда Қа­зақ­станда коронавирустық инфек­ция­мен сырқаттану жағдай­лары тір­келмеген. ҚХР-мен мемле­кет­тік шекара арқылы барлық өткі­зу пункттерінде санитар­лық-эпи­демиологиялық бақылау жұмыс­тары жалғасуда, оның бары­сында осы жылдың 6 қаңтары­нан бастап 21,8 мың адам қаралды.

«Осы жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша 104 адам жоғары тем­пературамен ауруханаға жатқы­зылды, олардың 71-і бүгін­де ауруханадан шығарылған. Ста­цио­нарларда 33 адам қалып отыр, барлығына коронавирусқа қатыс­ты зерттеу жүргізілді – нәтижелері теріс», деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ таяуда Ухань қала­сынан эвакуацияланған 83 отандасымыз карантинге жатқызылған еді. Зертханалық тексерулер елге оралғандардың бойында да коронавирустық инфекцияның жоқ екенін анықтады.

Өз кезегінде Сыртқы істер ми­нистрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қазіргі таңда ҚХР аумағында Қазақстанның 780 азаматы, оның ішінде 559 студенті жүргенін хабарлады. Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, қалғандары ҚХР-да қалуға ниет білдірген. Сыртқы саяси ведомство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге әкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Осы жылдың 3 ақпанынан бастап ҚХР рейстеріне билеттері бар жолаушыларға авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтару немесе қайта ресімдеу жүзеге асырылуда. Бұл жағдайда проблема жоқ, деп сендірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Сондай-ақ комиссия отыры­сында атқарылып жатқан жұ­мыс­тар туралы Ішкі істер вице-министрі А.Калайчиди, бас мем­лекеттік санитарлық дәрігер Ж.Бекшин, Алматы, Шығыс Қазақ­стан облыстары, Нұр-Сұл­тан және Алматы қалалары әкім­де­рінің орынбасарлары баяндады.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев корона­ви­рус­тың пайда болуы мен таралуы­на жол бермеу бойынша бір­қатар нақты міндетті белгі­леп, барлық қызметтердің жұмыс­ты күшейтілген режімде жалғас­тыруы қажет екенін атап өтті.