Қоғам • 06 Ақпан, 2020

Қосымша медициналық көмек көрсетіледі

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қосымша медициналық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша медициналық көмек көрсетіледі

Қала әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған тұрғындармен кездесті. Қабылдау барысында жұмысқа орналасу,  білім мен медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. мәселелер көтерілді. Елорда тұрғынының айтуы бойынша, ол бірнеше ай бойы балаларды оңалтумен айналысады. Ол оңалтудағы тиімді әдістердің бірі бұл бассейндегі сабақтар екендігін, балалар құлаудан қорықпай, жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгере алатынын, атап өтті.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл бағыттың маңыздылығы туралы айтты. «Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға білікті көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен бірнеше рет кездестік. Ұсыныстарды тыңдаймыз. Өз тарапымыздан қажетті көмек көрсетеміз, бассейнде оңалту жаттығуларын жасататын сабақтарға қолдау көрсетеміз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата - аналарға қосымша медициналық көмек көрсетіледі», - деді Алтай Көлгінов.

Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындардың өтініштері бақылауға алынды.

8 ақпан (сенбі күні) «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Ашық әкімдік» форматында ашық есік күні өтеді.