Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Түркістан кәсіпкерлік саланы түлеткелі тұр

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы өткен жылы 10 миллиард теңге сомасында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаған. Палатаға келіп түскен 560 өтініштің 418-і оң шешімін тапқан.  

Түркістан кәсіпкерлік саланы түлеткелі тұр

«Еңбек» бағдарламасы аясында өңірде 12 579 адам оқудан өтіп, олардың 7 933-і грант иегері атанған. Қысқамерзімді оқыту бағыты бойынша 5 466 жұмыссыз азамат 3 айлық оқу курстарынан өткен. Курсты бітіргендердің 1 477-і  грант (745,8 млн теңге) иегері атанды. Сонымен қатар «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде 7 113 адам оқуды аяқтаған. Оның аясында 2,7 млрд теңге сомасына 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд теңге сомасына 6 456 түлекке грант берілген. Бизнес өкілдерімен кездесуде осындай деректерді келтірген Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәди Ибадуллаев өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.  Кездесуге облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, сондай-ақ, өңірлік кеңестің, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, екінші деңгейлі банктер, қаржы институттары мен құзыретті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

1

«Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы - қалыптасқан оң бизнес-климаты бар шағын және орта кәсіпкерлік өңір. Бүгінгі таңда, облыс шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны бойынша көшбасшы және олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8,5 %-ға артқан» деді Мәди Ибадуллаев.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында Кәсіпкерлер палатасы мен Nur Otan партиясының филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Түркістан облысының кәсіпкерлікті дамытудың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

 

Түркістан облысы