Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Мұрат Әйтенов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

Мұрат Әйтенов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

Қос тарап кездесуде тату қарым-қатынас, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің сауда және мәдени қатынастарын одан әрі дамытудың мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Қазақстан-Ресей – стратегиялық әріптестер. Бізді сан ғасырлық достық пен тұрақтылық байланыстырады. Сондықтан ара қатынасымыз бұдан әрі де нығая түспек», деді қала басшысы Мұрат Әйтенов.

Евгений Бобров Шымкенттің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, аймақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Аталған жобалар қос мемлекеттің экономикалық және туристік ахуалын арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтады.

Пікірлесу барысында Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкенттің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы баяндады.

Өз кезегінде Бас консул айтылған ұсыныстармен келісетінін айтып, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

Кеңес соңында қала әкімі бұл кездесу екі жақты мәдени, білім, әлеуметтік экономикалық саланың дамуына септігін тигізеріне сенім білдірді.