Кәсіпқой бокс • 07 Ақпан, 2020

Жартылай финалда жұдырықтасады

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бочкайды еске түсіруге арналған халықаралық турни­рінің ширек финал жекпе-жектері аяқталды. Қазақ­стан құрамасы сапынан 6 боксшы жартылай финалда жұдырықтасады.

Жартылай финалда жұдырықтасады

Атап айтар болсақ, ширек финалдағы бәсекеде 52 килода сынға түскен Махмұд Сабырхан испаниялық Мартин Молинадан басым түсті. 2016 жылы жастар арасындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Айдос Арапов (57 кг) ширек финалда Италия өкілі Джанлука Руссоны, 69 килодағы Талғат Шайкен тағы бір италиялық спортшы Джанлука Маланьиді еш қиындықсыз жеңді. Сондай-ақ ағайынды Оралбайлар да турнирдің жартылай финалында жұдырықтасады. 81 килодағы Нұрбек ресейлік Расул Алиевтен,  91 килодағы Айбек испаниялық Эмануэель Рейестен айласын асырды. Аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай аустриялық боксшыны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.