Спорт • 07 Ақпан, 2020

Еуропада көш бастап тұр

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анас­тасия Городко Еуропа кубогының жалпы есебінде көш бас­тап келеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Еуропада көш бастап тұр

Бүгінде кубоктың бес кезеңі артта қал­ды. Анас­тасия 760 ұпай­мен бірінші орында ке­леді. Екінші орынды Ни­­дерланд өкілі Жанек Бергхуис (437 ұпай) ие­ленсе, үздік үштікті франциялық Фантин Дегрут түйіндеп тұр. Оның еншісінде 371 ұпай бар. Айта кетелік, Фран­­цияда өткен Еуропа кубогының бесінші кезеңінде Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алған болатын.