Кеше біз әйелдер күресінен өтетін жарыста Қазақстанның намысын кімдердің қорғайтыны жайында жазғанбыз. Бүгін грек-рим күресінің бас бапкері Бақтияр Байсейітов айтулы додада қай шәкірттеріне сенім артатынын жария етті. Сөйтіп, Азия чемпионатында есімдері төменде аталған балуандар боз кілемге шығады:
55 кило – Қорлан Жақанша
60 кило – Айдос Сұлтанғали
63 кило – Ернұр Фидахметов
67 кило – Әділхан Сатаев
72 кило – Ибрагим Магамадов
77 кило – Темірлан Шадукаев
82 кило – Евгений Поливадов
87 кило – Азамат Құстыбаев
Ал 97 және 130 кило салмақ дәрежелерінде Қазақстан құрамасы сапында кімдердің өнер көрсететіні әлі белгісіз.