Тағайындау • 07 Ақпан, 2020

Еліміздің Бас мүфтиі сайланды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайы өтті.

Еліміздің Бас мүфтиі сайланды

Жиында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды. Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.