Қазақстан • 07 Ақпан, 2020

Бейбіт Атамқұлов министрлік ұжымына жаңа вице-министрді таныстырды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов министрлік ұжымына жаңа вице-министр Динара Щеглованы  таныстырды. Ол салаларды цифрландыру мәселелеріне және министрліктің жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Атамқұлов министрлік ұжымына жаңа вице-министрді таныстырды

Динара Щеглова 1982 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «халықаралық құқық» мамандығы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «менеджмент» мамандығы, Қазақ экономика,  қаржы және халықаралық сауда университетінде «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінен бастаған. 2011-2017 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да еңбек етті. 

2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі. 

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.