Әйелдер боксынан 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марина Вольнова турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда венгриялық спортшыдан ұтылып, үздік үштікке енді.
Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері саналатын Марина Вольнова 5 жылдық үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған болатын. Ал 64 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Римма Волосенко жартылай финалда шаршы алаң иегерін жеңді.
Финалда ол ресейлік Екатерина Дынникпен кездеседі. Волосенко Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирде аталған спортшыны жеңген болатын. Венгриядағы турнирде бокстан Қазақстан ерлер командасы үш қола еншіледі. Сондай-ақ тағы үш спортшымыз финалда жұдырықтасады.