Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Түркістан облысында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған «AYKAN» ЖШС –інің өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өңделеді.

Түркістан облысында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды

Өңдеу өнеркәсібіне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн теңге және 24 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидия ретінде қолдау көрсетілген. Тұрақты жұмыспен 80 адам қамтылған зауытта түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады.

Сайрам ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев зауыттың ашылу салтанатына қатысып, облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» және КХ-3 «Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолдарының қайта құру, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан орталығы Ақсукент елді мекенін ретке келтіру жұмыстарын бағамдады.

1

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында көмек алған Қарасу ауылдық округі тұрғынының шаңырағында болып, бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Сондай-ақ сапар барысында облыс әкімі  Ақсукент ауылдық округіндегі ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана мен жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Емдеу мекемесі жақын күндері пайдалануға беріледі.