Курс барысында елордалықтарға мемлекеттік тілді оқытумен қатар, латын графикасына үйрету көзделген.
«Өткен жылы 1500-ге тарта қала тұрғынын бес деңгей бойынша қазақ тіліне үйреттік. Олардың ыңғайларына қарай елорданың 4 ауданында оқу кабинеттері жұмыс істеді. Курс аптасына үш реттен жыл соңына дейін жалғасты. Ал латын графикасына 854 қызметкер сұраныс білдіріп, оларды толығымен қамтамасыз еттік. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, қорғаныс саласының мамандары, БАҚ өкілдері бар. Биыл да осы жұмыстарды жүйелі түрде атқаратын боламыз. Қосымша ақпараттарды «Руханият» мекемесінің әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», - деді Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлімнің басшысы Гүлнара Камашева.
Тіл курстарын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатыр.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша қазақ тілі курсына жазыла алады:
Алматы, Есіл аудандарының тұрғындарына – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғ., 8 (213-оқу кабинеті),
Алматы және Байқоңыр аудандары – М.Ғабдуллин к-сі., 5, 3-қабат (304-оқу кабинеті);
Сарыарқа, Байқоңыр аудандары – Республика даңғ., 42, 3-қабат (7-оқу кабинеті).