«Полиция күшімен конфликт шешілді, қазір жағдай толық бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Төбелесті бастағандар мен қатысқандар анықталып жатыр. Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырады және жалған ақпарат таратпауды сұрайды» делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Жалған ақпарат таратқаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілер мен жедел хабарлаушылар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.