Қазақстан • 08 Ақпан, 2020

Ауа райына байланысты 11 өңірде көлік қозғалысы шектелді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аумағындағы бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райына байланысты 11 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Атап айтқанда, бүгін мына автожолдар жабық: Нұр-Султан-Петропавл, км. 18-231, уч. Нұр-Сұлтан-Щучинск, «Екатеринбург-Алматы» км. 1291-1426, уч. Нұр-Сұлтан-Теміртау, «Алматы-Өскемен» км. 971-1068, Қалбатау – Қасым-Қайсенов, «Екатеринбург-Алматы» км. 1504-1707, Қарағанды-Ақшатау, «Қызылорда-Павлодар» км. 748-906, Атасу-Топар, «Қызылорда-Павлодар» км. 970-1367, Қарағанды-Ленинский, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» км. 63-217, Ботақара-Қарқаралы, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» км. 17-60, Қарағанды- Ботақара, «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» км. 200-240, Ақмола обл.-Шідерті, «Екатеринбург-Алматы» км. 768-835, Тоқсанби-Чистополье, «Көкшетау-Рузаевка» км. 102-196, Саумалкөл-Рузаевка.

Айта кетейік, бүгінде Республика бойынша арнайы 785 техника жұмыс істеп жатыр.