Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Түркістанда тарифтердің бағасы төмендеді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында өткен жылдың 1 қаңтарынан 59 қызмет түрі бойынша табиғи монополия субъектілерінің тарифтері төмендетілген болатын. Нәтижесінде тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қымбат Бейсенов мәлімдеді.

Түркістанда тарифтердің бағасы төмендеді

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 116 қызмет түрімен айналысатын 93 табиғи монополия субъектісі енгізілген.
«Бүгінгі таңда  облыс бойынша жылумен жабдықтаушы 6 мемлекеттік коммуналды кәсіпорын жұмыс атқаруда. Бірінші қаңтардан бастап жылумен жабдықтау тарифтері орта есеппен 3-17 % аралығында төмендеді. Сумен жабдықтау тарифтері орта есеппен облыста 0,1-2% арзандаған. Ал электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдау тарифі 6,64 теңгеден 7 теңгеге көтерілді. Табиғи газбен жабдықтау қызметі бойынша тасымалдау тарифі өзгеріссіз қалдырылды» деді Қымбат Бейсенов. 

Сондай-ақ басшының міндетін атқарушы табиғи монополия субъектілерінің алдыңғы жылғы тарифтік сметаларының орындалуы есебіне жасалған талдаулардың қорытындысымен жалпы соммасы 1 млрд 292  млн 948,4 мың теңге көлемінде өтемдік тарифтер бекітіліп, халыққа төмендетілген тарифпен қайтарылғанын мәлім етті.

 

Түркістан облысы