Осылайша, құрбандар саны бір тәулік ішінде 88 адамға көбейген. Оның алдында 636 адам қайтыс болғаны және 31,1 мыңы жұқтырғаны туралы ресми ақпарат хабарланған болатын.
Қытай ғалымдары жаңа коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін ағзаны атады. Бұл туралы Daily Mail жазды. Олардың мәліметінше, бұл панголин - қабыршағы Қытай халық медицинасында жиі қолданылатын жануар, ал етін Қытай мен Вьетнамда жейді.