Руханият • 08 Ақпан, 2020

Ағылшын тілінде Жошы ұлысы туралы монография жарық көрді

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жошы Ұлысы мен мұрагерлері және сол кезеңдегі көршілес елдер тарихы туралы ағылшын тілінде алғашқы ғылыми монография жарық көрді.

Ағылшын тілінде Жошы ұлысы туралы монография жарық көрді

Германияның Бонн университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, тарихшы-ғалым Нұрлан Кенжеахметтің  «The Tūqmāq» (Golden Horde), «the Qazaq Khanate», «the Shībānid Dynasty», «Rūm» (Ottoman Empire), «and Moghūlistan in the XIV-XVI Centuries: from Original Sources»  атты кітабы Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан баспадан шықты.

Бұл туралы қытайтанушы Өмірбек Қанай өз фейсбук парақшасында сүйіншілеп жазды.

«Бұл Қазақстанда Жошы Ұлысы мен мұрагерлері және сол кезеңдегі көршілес елдер тарихы туралы ағылшын тілінде шықан алғашқы ғылыми монография. Германияда жылдар бойы қазақ тарихын зерттеумен айналысып жүрген білікті ғалым Нұрлан Кенжеахметтің бұл еңбегі Шығыс және Батыс тарихи деректерін пайдалана отырып жазылған болып, тарихымыздағы ақтаңдақтардың орнын толтыратын болады» делінген оның жазбасында.

 

АЛМАТЫ