«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініш келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету» деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жұма күні кешқұрым Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындарының арасында топтық төбелес болды. Қазақтар мен дүнгендер арасындағы келіспеушіліктің соңы жанжалға ұласқан. Масаншыдағы қақтығыс туралы түрлі бейнетүсірілімдер мен ақпараттар сол күні-ақ кешке қарай әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Қақтығысқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға салдарын жою мақсатында Үкімет комиссиясын құруды тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасы бойынша кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет комиссияның Жамбыл облысына арнайы келгені хабарланған еді.