Қазақстан • 09 Ақпан, 2020

Бүгін көктайғақ, күшті жел болуы мүмкін - Қазгидромет

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіде елімізде тұман түседі, көктайғақ болады, жауын жауып, арты қарға айналады, қатты жел тұруы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін көктайғақ, күшті жел болуы мүмкін - Қазгидромет

«9 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі, оңтүстік аудандарда күн күркірейді. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасын соғады» делінген болжамда.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 18 м/с жетеді, бұрқасын соғады.

Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, одан да асып кетуі мүмкін.

Түркістан облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, тау бөктерлерінде 30 м/с және одан да қатты соғуы мүмкін.