Руханият • 10 Ақпан, 2020

«Ақ әжелердің» концерті

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен елордалық Достық үйі сахнасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Ақ әжелер» ансамблі жеке шығармашылық кешін өткізді.

«Ақ әжелердің» концерті

«Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, Қазақ­стан Республикасының мәдениет қай­раткері Жалғас Кеңесов көрермендерге алғысын білдіріп, ансамбльдің құрылу тарихына қысқаша тоқтала кетті.

«Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу мақ­сатында ансамбль 2012 жылы елорда төрінде құрылды. Кезінде бірі дәрігер, бірі мұғалім болған шамамен 30 шақты әже өнерлерін ортаға салуда. Болашаққа жоспарларымыз өте көп. Солардың бірі, Ақмола облысы аймақтарын аралап, концерттік бағдарламамызды барша халыққа арнау болмақ. Ел тарихына маңызды жылы кішкене де болсын үлес қосу басты міндетіміз еді. Осыған байланысты, «Аналар аманаты» көрме-залында шығармашылығымызды елорда тұрғындарына сыйлауға септігін тигізген Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан хал­қы Ассамблеясына және ұлттық өнерді бағалап келген үлкен-кішіге алғысымыз шексіз», – дейді Ж.Кеңесов.

Концертте «Ақ әжелер» ансамблі кө­рер­мендерге классикалық және қазақ ком­позиторларының әндерімен қатар, халық ән­дерін тарту етті. Ал ансамбль мүшелерінің же­ке орындауындағы Абайдың қара сөздері мен домбырамен сүйемелденген жыр-тер­мелер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Әрбір шығармашылық нөмірге зор қошеметін аямаған көрермендер әдемі кештен көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.