Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының мәлімдемесі

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Ассамблеясының мәлімдемесі

Қордайда орын алған оқиға ел азаматтарының жанына батты.

Қайғылы жағдай орын алды, тұрғындар құрбан болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қаза тапқандардың туған-туыс­тары­на қайғырып көңіл айтады, жаралан­ғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

Мемлекет басшысы кикілжің салдарын жоюға қатаң тапсырмалар берді.

Біз Қазақстан халқынан осы келең­сіз­дік­тің тез арада шешілуіне барынша қол­дау білдіріп, көмек көрсетуін сұраймыз.

Аталған тапсырмаларға сәйкес Ас­самбл­ея еліміздің барлық өңірлерін­де тү­сін­­­діру жұмыстарын жүргізіп, этно­мә­дени бір­лестіктермен кездесулер ұйымдастырды.

Ассамблея мүшелері «қылмыс – ұлтқа бөлінбейді» деген пікірді толық қолдайды және кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаға тартылуы керек деп есептейді.

Сондықтан бүгінгі күнгі ең басты мақсат – арандатушыларға бой алдырмау, жеке тұлғалар жасаған тәртіпсіздік үшін бүкіл ұлтты айыптауға жол бермеу.

Ассамблея халық даналығына сенім арта отырып, ел тұрғындарынан, ең алдымен жастардан еліміздегі татулық пен келісімге селкеу түсіретін, асығыстыққа ұрындыратын қадамдар мен іс-әрекет­терден сақ болуын сұрайды.

Қазақстан халқы бір-бірімен әрдайым ба­уыр­мал­дық қарым-қатынастың жарқын үлгісі бол­ғанын және бола беретініне сенімдіміз.

Балаларымыздың ортақ болашағы үшін ұлтаралық алауыздық тудырмауы­мыз қажет.

Біз азаматтарды жалған қауесеттерге ермеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен ел ты­ныш­тығын қамтамасыз етуде құқық қор­ғау органдарына жәрдемдесуге, ортақ үйі­міз­дегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақырамыз.