Парламент • 10 Ақпан, 2020

Пікір білдірді

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қордайда орын алған жағдайға байланысты қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Пікір білдірді

Бұл туралы ол өзінің Твиттер парақшасына: «Қордайда қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын және зардап шеккендердің сауығуын тілеймін. Жағдай ел басшылығының бақылауында. Бір топ мәжілісмен Үкіметтік комиссиямен бірге оқиға орнында жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз – арандатуға жол бермей, тұрақтылықты сақтау», деп жазды.

Нұрлан Нығматулин өз пікірін­де біздің халқымыз ежелден тату­лық пен тұрақтылықты, береке мен бірлікті мақсат еткен ел екенін, біздің егемен еліміз де тәуелсіздік алған күннен бастап ынтымағы жарасқан, қазақстандық даму жолын қалыптастырған абыройлы мемлекетке  айналғанын атап өтті.

Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы бүгінде Қазақстанның бейбітшілік пен татулық саясаты әлемнің көптеген елі үшін үлгі саналатынын алға тарта келіп, қазақстандықтарды елдің тұтас­тығына нұқсан келтіретін кез келген берекетсіздікке жол бермеуге шақырды.

Н.Нығматулиннің пікірінше, кең байтақ Қазақстанымыздың әрбір азаматы, әрбір аймағы – біздің баға жетпес байлығымыз. Оларды көздің қарашығындай сақтап, қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.