«Біз бұл барлық нонсенске қалай сене аламыз? Бұл мүлдем нонсенс», - деді дипломат.
Елшінің айтуынша, ғалымдар вирустың жаңа түрінің қайдан шыққанын әлі анықтай алмай жатыр.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, кейбір жануарлардан жұққан. Бірақ біз бұл туралы көбірек білуіміз керек. Бізге қолдағы бар мәліметтермен шектеліп қалуға болмайды. Бұл кез келген жерде болуы мүмкін. Бірақ біз бұл мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз», - дейді дипломат.
Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) 31 желтоқсанда елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухан қаласында белгісіз пневмонияның басталғаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады - бұл 2019-nCoV коронавирус.
Қытайда 811 адам жаңа коронавирустың құрбаны болды, күні бүгінге дейін 37,2 мың адам жұқтырды деген мәлімет бар.