Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

​​Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауды жалғастырады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық азаматтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, Үкімет ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланды.

​​Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауды жалғастырады

Ағымдағы жылдың 10 және 12 ақпанында Қытай билігімен келісім бойынша Бейжіңге қазақстандық азаматтарды әкелу үшін «Air Astana» әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады. 

Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай Елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ҚХР аумағында 719 азаматы бар, оның 391 отанына оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Қалғандары - дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуға тілек білдірді.

Қазақстанның ҚХР-дағы дипломатиялық мекемелері қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсету үшін азаматтармен жұмысты жалғастыруда және тұрақты байланыста.

Аталған барлық шаралар ҚХР аумағындағы біздің азаматтарға байланысты барлық мәселелерді шешуге сындарлы көзқарас танытатын Қытай тарапымен тығыз үйлестіру негізінде жүзеге асырылады.