Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Жүрегін тексеруді қажет ететіндердің 52,4% ғана кардиоскринингтен өтті

582 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде автоматтандырылған «Поликлиника» ақпараттық жүйесі деректері бойынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ұсыныс берілген 1 655 340 азаматтың ішінен тек 52,4% ғана қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтайтын тексеруден өтті. Тексерілгендердің арасынан 52 488 адамда жүрек-қан тамырларының аурулары анықталды. Олардың ішінде 41 158  азамат диспансерлік бақылауға алынды.

Жүрегін тексеруді қажет ететіндердің 52,4% ғана кардиоскринингтен өтті

Жүрек және қан тамырлар ауруларын анықтау үшін скринингтен өтуге ұсыныс берілгендердің республика бойынша басым бөлігін, яғни 188 218 адам Алматыда тұрады.

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары тексерілуге үлкен жауапкершілікпен қарады. Скрининг өтуге тиісті 64 221 азамат арасынан 42 603 адам тексеруден өтті. Тексерілгендердің ішінен 9,95% жүрек аурулары анықталды.

Жүрек ауруларымен байланысты дерті бар азаматтар көбіне Қарағанды облысында анықталды – медициналық тексеруден өту көрсеткіші –10,9%. Ең төмен көрсеткішті Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары көрсетті – 3,03%.  

Жүрек-қан тамырларының аурулары қазір бүкіл әлемде өлім-жітімге жетелейтін ең көп таралған себептердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 2016 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан 17,9 миллион адам қаза тапты. Бұл әлемдегі өлім-жітім көрсеткішінен 31% құрайды.

Жүрек-қан тамырлары кеселдерінің көпшілігін, яғни темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, семіздік, дене қиымылының жоқтығы және шамадан тыс ішімдік ішу сияқты тәуекел факторларын азайту арқылы алдын алуға болады. Жүрек-қан тамырлары дертіне шылдыққан немесе бұл аурулардың пайда болу қаупі жоғары адамдар емделуден өтуді және ауруларды ерте сатысында анықтауды, керек кезінде емдеу жазып беруді қажет етеді.

Кардиологиялық диагностика – бұл жүрек-қан тамырлар жүйесінің патологияларын және олардың дамуына бейімділігін анықтайтын медициналық шаралар жиынтығы. Жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі белгілері: ентігу, физикалық жаттығуларға шыдамау, қан қысымының жоғарылауы, терінің ісуі, жүрек ауруы, біркелкі емес жедел жүрек қағысы сынды болып келеді.

Уақытында жасалған диагностика денсаулықтағы кінәратты ерте асқындырмай анықтап, тиімді емдеу жоспарын таңдауға көмектеседі.

«Жүрек-қан тамырлары ауруларының ең қауіпті жағы – олар еш белгісіз дамиды. Сондықтан үнемі диагностикадан өту өте маңызды. Әсіресе тұқым қуалайтын аурулар немесе күмән туғызатын белгілер болса денсаулықты екі есе мұқият күту қажет», – дейді Anadolu емханасының кардиология және кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Хашим Устюнсой.

«Диагноз уақытылы қойылған жағдайда, кардиологиялық аурулар сәтті емделеді: заманауи технологиялардың арқасында бізде титтей ғана кесікпен жүрек және қан тамырларға күрделі оталарды әсерлі жасау мүмкіндігі бар. Атап айтсақ, көптеген оталар Да Винчи роботын пайдалану арқылы жасалады», - дейді дәрігер.