Спорт • 10 Ақпан, 2020

Ауыр атлетика: Игорь Сон Ташкентте топ жарды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына жолдама беруші лицензиялық турнир өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды.

Ауыр атлетика: Игорь Сон Ташкентте топ жарды

Турнирдің алғашқы күні жарыс жолына шыққан 61 килодағы отандасымыз Игорь Сон қос сайыс қорытындысы бойынша 286 килоны (130+156) еңсеріп, тұғырдың биік сатысынан көрінді. Ал малайзиялық Мохамед Анзил Бин Бидин (283 кг) екінші, түрікменстандық Сейітжан Мирзаев (280 кг) үшінші орын иеленді. Айта кетейік, Игорь Сон өткен жылдың желтоқсан айында Дохада (Қатар) өткен лицензиялық турнирде 278 кило зілтемірді көтеріп, жеңімпаз атанған болатын.

Ташкенттегі додаға Игорь Соннан бөлек, тағы үш атлетіміз қатысып жатыр. Алдағы уақытта жарыс жолына 102 кило салмақта Илья Ильин, 109 кило салмақта Ибрагим Берсанов күш сынасады. Ал әйелдер арасындағы 81 кило салмақ дәрежесінде Раушан Мешітханова жарыс көрігін қыздырады.