Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. «2020 жылдың 1 қаңтардағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны — 2 018 116 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде — 405 539, ауылдық жерде — 1 612 577 адам тұрады. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 36 369 адамға немесе 1,8%-ға өскен. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Орта есеппен 1 000 қыз балаға 1 069 ұл бала туылды», — деді Айдар Ахметбекұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы көші-қонмен облысқа 55 385 адам келген, ал өңірден кеткендердің саны — 66 665.
Түркістан облысы