Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Шымкенттегі «Маманмен кеңес» акциясына 400-ден астам тұрғын қатысты

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Маманнан кеңес» акциясын өткізді.

Шымкенттегі «Маманмен кеңес» акциясына 400-ден астам тұрғын қатысты

Халыққа тегін заң көмегін көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен акцияда түрлі сала бойынша 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес берді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысушы әрбір маманның міндеті барлық азаматтарға құқықтық қолдау көрсетіп, түсіндірме жұмыстар жүргізу.

Акцияға келушілерді көбіне жер телімдеріне құжатты рәсімдеу, әлеуметтік көмекті алу, тұрғын үй, құқық қорғау қызметтері, сот шешімдері және білім беру, денсаулық сақтау саласына байланысты сұрақтар қызықтырды.

Іс-шара барысында белгілі адвокаттар мен прокуратура, әділет, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік кірістер, полиция, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлер және тағы басқа да сала өкілдері 400-ден астам қала тұрғындарына кеңес берді.

 

Шымкент