«Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелмеген. Қазақстанда ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Е.Біртанов.
Министрдің айтуынша, медициналық ұйымдар Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
«24 167 адам қамтылды, оның ішінде 1298-і – шетел азаматтары. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8 851 адам медициналық бақылауға алынған, қалған 15 316-сы инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды. Орталық референс-зертхана базасында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйені әзірледі. Халықаралық ынтымақтастық аясында Роспотребнадзордан 2000 зерттеуге диагностикалық жүйелер алынды және ҚХР-дан 5000 зерттеуге сатып алынды», - деді ол.