Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Қырғызстаннан 8 мыңға жуық азамат қайтарылды - Бердібек Сапарбаев

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қордай ауданындағы оқиға туралы мәселе және оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының атқарған жұмысы қаралды.  

Қырғызстаннан 8 мыңға жуық азамат қайтарылды - Бердібек Сапарбаев

«Қырғызстанға кеткен барлық 9 адамды біз алдымен Алматыға әкелдік, сосын Таразға жеткіздік. Қазір ол жақта адам жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деді Б. Сапарбаев.

Бүгінде Үкімет комиссиясы жергілікті тұрғындардың көмегімен өртенген үйлер мен коммерциялық нысандарды қарап, тексеріп жатыр. Алдағы 1-2 күнде комиссия олардың нақты саны туралы және зардап шеккендердің қандай көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат береді.

«Бұл үш күнде біз 5 ауылдың тұрғындарымен кездестік, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы, тұрғындар жағдайды дұрыс түсініп отыр. Кеше біз ақсақалдармен кездестік, олармен сөйлестік», - деді Б. Сапарбаев.

Үш күн ішінде кейбір азаматтар Қырғызстанға кетіп қалған. Б. Сапарбаевтың айтуынша, екі күн ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды. 

Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барлық дүкендерде де жұмыс басталды. 

«Қазір тұрғын үйлер мен сауда нысандарын салуға жергілікті құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар тартылатын болады. Біз бизнесмендермен - Қордай ауданының тумаларымен жұмыс істейміз, олар көмектесуге әзір. Олардың мүмкіндіктерін пайдаланатын боламыз. Барлық жағдай бақылауда. Барлығы қалпына келеді деп ойлаймын. Әрине, кейбір мәселелер бар, оларды жақын арада шешетін боламыз», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар