Технология • 11 Ақпан, 2020

Машина жасау кәсіпорындары қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер қарастырды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылғы 6 ақпанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ-мен бірлесіп 2020-2022 жылдарға арналған уәкілетті мемлекеттік орган, машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері мен жұмыс берушілердің өкілдері арасындағы салалық келісімге қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Машина жасау кәсіпорындары қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер қарастырды

Бұл келісім машина жасау кәсіпорындары, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер қарастырады:

- зиянды және ауыр еңбек жағдайларындағы жұмысқа қосымша ақылар (салалық арттырушы коэффициенттер);

- тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген ең төменгі еңбекақыға 1,2-ден кем емес коэффициентпен 1-разрядты салалық ең төменгі тарифтік ставка;

- екілік коэффициенттер;

- кәсіби шеберлігі үшін үстемеақы;

- бригаданы (ауысымды) басқару үшін қосымша ақы;

- тәлімгерлерге жастармен жұмыс істегені үшін қосысша ақы;

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша айлық жәрдемақыға қосымша ақылар;

- біржолғы өтемақы төлеу кезінде жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар зардап шеккен қызметкерге немесе адамдарға арналған;

- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор функцияларын орындайтын қызметкерлерге айына 5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде қосымша ақы;

- қосымша ақылы демалыс;

- жас қызметкерлерге материалдық көмек көрсету және қарыз (несие) беру;

- қызметкерлерді санаторлық-курорттық емделуге және сауықтыруға жолдамалармен қамтамасыз ету;

- тұрғын үй құрылысына қатысушы қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алуға ақы төлеу үшін көмек;

- баланың туылуына байланысты материалдық көмек;

- әлеуметтік қолдау қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне, бұрынғы қызметкерлеріне және тағы басқалар.

Аталған келісім Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетел қатысатын заңды тұлғалар боп табылатын ұйымдарға, сондай-ақ филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктеріне тарайды.