Кешен жабық манежден, мінбе мен жаттығу алаңдарынан тұрады. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылады. Балалармен арнайы оқытылған нұсқаушылар шұғылданады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ипподром базасын үш бағыт бойынша дамытатынын атап өтті. Олар иппотерапия, ұлттық және классикалық спорт түрлерін өткізу және оларға дайындау, сондай-ақ туристік бағыт.
Айта кетейік, елордада ерекше күтімді қажет ететін 5,5 мың бала бар. Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту үшін 2 оңалту орталығы салынады. Жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, емхана сынды және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.