Саясат • 11 Ақпан, 2020

Қазақстан-Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Корей делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды.

Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10