Кездесу барысында Х.Пыллуаас екіжақты қатынастар үшін жағымды Эстонияда Қазақстанның Елшілігін ашу фактісін қанағаттанушылықпен атап, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Қазақстан мен Эстония парламенттеріндегі депутаттық достық топтарының қызметіне белсенді назар аударылды.
Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Тараптар электрондық үкімет, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімді өсу үшін жақсы перспективалары бар екендігі туралы уағдаласты.