Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге волонтер-заңгерлерді тартуға бағытталған.
«Іс-шара барысында адвокаттар, заңгерлер, сот орындаушылары, құқықтық органдардың басқа да қызметкерлері және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері қала тұрғындарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді. 300-ден астам адам маңызды мәселелер бойынша кеңес алды. Осындай іс-шараларды айына бір рет жүйелі негізде өткізу жоспарлануда», - деді Қоғамдық даму істері басқармасының маманы Ақулан Тастемір.
Іс-шара қалалық Әділет департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.