Дәулет Ертайұлының заңгерлік білімі бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұлттық қауіпсіздік магистрі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды. Осыған дейін Дәулет Ертайұлы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Ақылбеков Дәулет Ертайұлы 1976 жылғы 15 шілдеде Алматы (Талдықорған) облысында туған. Білімі жоғары: 1998 ж. – Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті.
2000 ж. – Ішкі істер министрлігі жанындағы Алматы облысы ІСБ Біліктілікті арттыру мектебі.
2018 ж. – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (мамандығы «Ұлттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»).
Еңбек жолы: 1998-2000 жж. – Алматы облысы Талдықорған ауданының «Ауыл» ЖШС-нде заңгер.
2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті Әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті Әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеушісі.
2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті Әскери-тергеу басқармасының ерекше маңызы бар істер бойынша аға тергеушісі.
2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қапшағай гарнизоны бойынша Әскери-тергеу департаменті Әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімінің басшысы.
2006-2007 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаменті (қаржы полициясы) Тергеу басқармасының экономикалық және қаржы қылмыстарын тергеу бойынша аға тергеуші.
2007-2008 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Тергеу басқармасының экономикалық және қаржы қылмыстарын тергеу бойынша ерекше маңызы бар істер бойынша аға тергеуші.
2008-2009 жж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының экономикалық және лауазымдық қылмыстарды, сондай-ақ, жоғары технологияларды қолдана отырып, жасалған қылмыстарды анықтау, алдын алудың 3-бөлімінің басшысы.
2009 ж. – Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын алу, жолын кесудің 1-бөлімі басшысының орынбасары.
2009-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) 1-ші экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу басқармасының басшысы.
2010 ж. – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаменті (қаржы полициясы) басшысының орынбасары (экономика мәселелерінің меңгерушісі).
2010-2011 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасы басшысының орынбасары.
2011-2014 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының басшысы.
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құқық қорғау қызметіне жетекшілік етуші орынбасары.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құқық қорғау қызметіне жетекшілік етуші орынбасары және уақытша басшының міндетін атқарушы.
2019 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 7 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2020 жылғы 10 ақпаннан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.