Денсаулық сақтау саласында 100 пайыз мемелекет тарапынан қаржыландырылатын «амбулаториялық дәрімен қамту» деген түсінік бар. Яғни, мемлекет еліміздегі емханалар мен ауруханаларда медициналық қызмет көрсету аясында диспансерлік есепте тұрған 3 млн қазақстандықты (жыл сайын 11 млн-ға жуық рецепт) қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын шамамен 100 млрд теңге жұмсайды. Бұл тұста қандай шаруалар атқарылды?
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмекті сатып алу толықтай электронды форматқа ауыстырылды, диспансерлік науқастарды жеке есепке алу мен емдеу схемаларын интеграциялау толығымен автоматтандырылған режімге көшті, өңірлерден қағаз өтінімдерді жинаудан дәрілік заттарды диспансерлік науқастардың нақты қажеттілігі бойынша нақты уақыт режімінде автоматты қалыптастыруға дейін сатып алу процесін трансформациялау, диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәріні тағайындау және оны алғаны жайлы SMS хабарлама жіберу жүзеге асырыла бастады.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде 2018 жылы жалпы соммасы 116,5 млрд теңге бюджеттің 38 млрд-ы үнемделді, яғни 32,6%, ал 2019 жылы жалпы сомасы 92,6 млрд теңге бюджеттің 22,1 млрд-ы үнемделді, яғни 23,9%.
Әлбетте, бюджет қаржысын үнемдеу негізгі мақсат емес. Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелі саясатының нәтижесінде 2018 жылы үнемделген 38 млрд теңгені қайта қаржыландыруға жұмсау туралы шешім қабылданды. Мәселен, 14,8 млрд теңге 2019 жылы 180 мың дәрігер мен орта санаттағы медициналық қызметкердің жалақысын 30 пайызға көбейтуге бағытталды, 23 млрд теңге 2019 жылы сатып алынатын дәрі-дәрмектің саны мен түрін 15 пайызға арттыруға бағытталды.
2019 жылы оңтайландырылған бюджет қаржысы (22,1 млрд теңге) 2020 жылы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жалақысын қосымша 30 пайызға көбейтуге және қымбат дәрілер тізімін арттыруға бағытталды.