Спорт • 12 Ақпан, 2020

Рейтинг жаңартылды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Парижде өткен Grand Slam додасынан кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды.

Рейтинг жаңартылды

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс және бір қола жүлде түскен еді. 60 килода қола жүлде иеленіп, 500 ұпай олжалаған Елдос Сметов әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Ал күміс медальдің иегері Жансай Смағұлов өз рейтингіне 700 ұпай қосып, 73 кило салмақтағы балуандар арасында жеті сатыға жоғарылап, 24-орынға тұрақтады.

ТОП-20 дзюдошының қатарында қазақ­стандықтардан төрт-ақ балуан бар. 60 килодағы Ғұсман Қырғызбаев – 7, 66 килодағы Ерлан Серікжанов – 10, Елдос Жұмақанов – 18, Ислам Бозбаев – 19-орындарға жайғасқан.