-Жастардың жақсы маман болып қалыптасуы үшін қолдау көрсетіп, кең көлемде жағдай жасауымыз қажет. Еріктілер жылындағы «Білім» жобасы аясында жастарға ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектесу мәселелеріне назар аударып отырмыз. Жобаға қатысуға ниетті жастарға есігіміз әрдайым ашық, дейді Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай.
Ерікті ретінде жұмыс істеп жүрген оқытушы Әлімжан Бекболатов Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің түлегі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – дың магистранты. «Ағылшын тілі» мамандығын меңгеріп, кейіннен Еуропада, Америкада білімін жетілдіріп келген ол орталықтағы тіл үйрету курсының жетекшісі. Сапалы білім беріп, білікті ұстаз атанған оқытушыны жастар да арнайы іздеп келеді. Қазір орталықтағы курста 30 оқушы тіл үйреніп жүр. Олардың арасында болашақта аудармашы болғысы, тілді терең меңгеріп ұстаздық еткісі келетіндер аз емес.
Түркістан облысы