«Мұғалімдердің жалақысы көтерілгенге дейін орташа жалақы 110-120 мың теңге болған. Қаңтар айында жалақы көтерілгеннен кейін 150-160 мың теңгені құрады», - дейді ол.
Мектеп директорының айтуынша, мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап 25 пайызға өскен.
«Бұл мұғалімдердің көңіл-күйіне оң әсер етті», - дейді Шәкәрім Сейсенбай.