Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Педагог мәртебесі тек заңмен өзгермейді - Білім және ғылым министрі

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесіне қатысты арнайы заң күшіне енгенімен, мұғалімдердің мәртебесін бір ғана заңмен көтеру мүмкін емес екенін айтты.

Педагог мәртебесі тек заңмен өзгермейді - Білім және ғылым министрі

«Педагог мәртебесі тек заңмен өзгермейді. Бұл мұғалімдердің өзіне, өзінің біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты және қоғамға байланысты. «Педагог мәртебесі туралы» заң ең алдымен балаларға арналған. Жасыратыны жоқ, мұғалімдер бізде зал толтырады. Құжат жинау керек болса, мұғалімдерді жібереді. Мұғалімдер бізден аула аралайық па, әлде балаларға білім берейік пе деп сұрап жатты. Есептер, қағазбастылық, осының барлығы заң қабылданар алдында болған мәселе», - деді министр.

Оның айтуынша, мұғалімді қызметтен тыс жұмысқа тартқан адамдарға жаза қолданылады.

«Басында ескерту жасалады. Одан кейін 20 АЕК тиісті айыппұлдар бар», - деді ол.