Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Бұрын аудан мектептері облыстық Білім басқармаларына бағынбайтын – А. Аймағамбетов

1300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын басқару тетігіндегі теңсіздіктерді жоюды тапсырған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Бұрын аудан мектептері облыстық Білім басқармаларына бағынбайтын – А. Аймағамбетов

«Біз тиісті шешім қабылдадық. Заңға өзгеріс енгізілді. Бірінші қаңтардан бастап іске асырылып жатыр. Мағынасы неде? Аудан мектептері мен балабақшалары ауданның білім бөлімдеріне бағынады. Ал аудан білім бөлімдері облысқа емес, министрлікке емес, олар өздерінің әкімдіктеріне ғана бағынады. Сол жергілікті бюджеттен ғана қаржы табады. Осындай қиыншылықтар бар», - деді министр.

Оның айтуынша, облыстардағы Білім басқармалары колледждермен, арнайы мектептермен айналысады.

«Мен өзім ауылдық жерде жұмыс істедім. Одан кейін облыстық Білім басқармасында төрт жылдай жұмыс істедім. Сонда облыстық Білім басқармасының басшысы болып отырған күннің өзінде көргенім, аудандағы білім бөлімдерімен жұмыс істеу өте қиын. Олар бізде әкім бар, біздің бюджетіміз басқа деп айтады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік саясатты жүргізуге де қиындық туғызады. Кітап жетіспеушілігі, басқа да мәселе осы жүйеге байланысты туындаған.

«Енді биыл бірінші қаңтардан бастап білім бөлімдері Білім басқармасына бағынады. Ал келесі жылы бірінші қаңтардан бастап бюджеттер де аудандық деңгейден облыстық деңгейге беріледі», - деді ол.