Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылардың орташа балы 60-65 – А. Аймағамбетов

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылардың орташа балы 60-65 балды құрайды. Бұл туралы  «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылардың орташа балы 60-65 – А. Аймағамбетов

«Бүгінгі күні мұғалімдерді 85 университет дайындап жатыр. Анықтап қарасақ, ішінде дәрігерді дайындайтын оқу орны да мұғалімді дайындап жатады. Политехникалық оқу орындары да бар. Яғни, өзінің профиліне келмейтін оқу орындары көп. Соларды азайтып, сапаны арттыруымыз керек», - деді Асхат Аймағамбетов.