Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Елордада алдағы бес жыл ішінде 50 мектеп салынады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады. Биыл 10 мың орындық 12 мектепті пайдалануға беру мен 12 мың орындық 8 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада алдағы бес жыл ішінде 50 мектеп салынады

«Қазір қалада 115 мектеп пен 182 мың оқушы бар. Халықтың өсуіне байланысты қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді. 8 мектеп қазір үш ауысымда оқытады.

Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жыл сайын кемінде 10 жаңа мектеп салып отыру қажет. Биыл және келесі жылы 12 мектептен салынады. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды. Мектептердің құрылысына жеке инвесторларды тартамыз. Өңірлік кеңесте жеке инвестиция есебінен 22 мың оқушыға есептелген 22 мектеп салу қолдау тапты», деді А. Көлгінов. 

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп (оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында) салу жоспарланған.

2 ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орындық мұғалімдерге арналған жатақхана салынды, кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.