33 жастағы Оңтүстік Американың оғланы Маркос Антонио Аумада кәсіпқой рингте 2011 жылдан бері жұдырықтасып жүр. Сол кезден бері барлығы 29 кездесу өткізген ол 21 рет жеңіске жетті. 16 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 32 жастағы Қазақстанның өрені Жан Кособуцкий кәсіпқойлар арасында 2017 жылдан бері күш сынасуда. Сол уақыттан бері 12 рет шаршы алаңға шығып, барлық жекпе-жегінде жеңіс тойын тойлады. Жерлесіміз 11 бәсекені нокаутпен аяқтады.