Кездесу барысында хорват министрі Брюссельде ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысы барысында Қазақстанның СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен жақында болған келіссөздердің нәтижелеріне жоғары баға берді. Ол осы жылдың І-ші жартыжылдығында Еуропа Одағының Кеңесіне Хорватияның төрағалық ету миссиясы туралы айтып, ЕО мен Қазақстанмен арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар екіжақты байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап, оған Хорватияның Нұр-Сұлтан қаласында Елшілігі мен Сплит қаласындағы Қазақстанның консулдығының ашылуы, экономикалық ынтымақтастық туралы және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің күшіне енуі, сонымен қатар 2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР және XР сыртқы істер министрлерінің төрт ресми кездесуі дәлел болды.
Елші ү.ж. Загребте жоспарланған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысының өткізу мерзімінің пысықталуын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың маусымында өткізуі жоспарланған Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 12-министрлік кездесуіне дайындық барысы туралы хабардар етті.
Г.Грлич Радман 2020 жылғы маусымда ДСҰ-ның министрлік конференциясына қатысу, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан астанасына бару ниетін растады.