Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үй кешендері құрылысының жобалары көрсетілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында шаһар басшысы Meridiam компаниясының Түркия мен Еуразия бойынша директоры Омри Гейнсбургпен қоғамдық көлік және коммуналдық инфрақұрылым, әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ынтымақтастық перспективаларын талқылады деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үй кешендері құрылысының жобалары көрсетілді

Meridiam компаниясы - инфрақұрылымның орнықты нысандарын қаржыландыруды және ұзақ мерзімді басқаруды әзірлеуге маманданған жаһандық басқарушы компания.

Ahsel Holding компаниясы тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аянмен болған кездесуде тұрғын үй нысандарын салу бойынша әңгіме өрбіді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үй кешендерін, оның ішінде құрамына қажетті бүкіл инфрақұрылым енетін құрылыс жобалары көрсетілді. Холдингке енетін компаниялар Қазақстанда бірқатар ірі нысан салды, оның ішінде «Интерконтиненталь Анкара» қонақ үйі, «Эдельвейс» пен «Ақкент» тұрғын кешендері бар.