Тау-кен өндірісі секторында түсті қазбалар өндіру көлемі 2018 жылы іске қосылған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (Бакыршық тау-кен өндіру кәсіпорны, Сарыарқа Ресурсерс Капитал, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Казминералс» компаниялар тобы) тұрақты жұмысы есебінен 7,8% артты. Темір кені өндірісінде де оң серпін байқалып, 18,7 өсім болды. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 100,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында да нақты өсім бар, атап айтқанда қара металлургияда 17,5%, түсті металлургияда 7,3%, машина жасау саласында 21%, жеңіл өнеркәсіпте 8,7%, химия өнеркәсібінде 0,8%, фармацевтикалық өнеркәсіпте 19,1% құрады.