Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе артады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артады

2020 жылы жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған – бұл шамамен 8 мың пәтер.

2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Тұрғын үй мәселесі-басты, маңызды бағыттардың бірі. Қазір тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі 3 есе артады. Өткен жылы 2020-21 жылдарға арналған дайындық жұмыстары қолға алынды. Мемлекеттің қолдауының арқасында үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Кәсіпорынның қызметі үй сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және үйді тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі», деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, өткен жылы ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Мұнай базаларына жақын жерде орналасқан 39 разъездің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлерге қатысты барлық атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі негізде жүргізілуде.